Минскте билікке қарсы өткен митингте 400-ден астам адам ұсталды. Бұл туралы Беларусь құқық қорғау органдары хабарлады.
Ресми хабарламада: «Наразылық акциялары Минсктен басқа аймақтарда толығымен аяқталдыдеуге болады. Митинг кезінде жалпы саны төрт жүзден астам адам ұсталды», – делінген.
Бұған дейін бір ғана Минсктің өзінде 250 адамның қамауға алынғаны мәлім болған.
9 тамызда Беларусьте президент сайлауы өтті. Орталықсайлау комиссиясы қазіргі мемлекет басшысы Александр Лукашенко 80,10% дауыспен жеңіске жеткенін жариялады. Оның басты бәсекелесі, оппозиция атынан қатысқан Светлана Тихановская 10,12% дауысқа ие болды.
Тихановская сайлау қорытындысы бойынша Орталық сайлау комиссиясына шағым түсірді. Экзит-полдың нәтижелері 9 тамыз кешке жарияланғаннан кейін Минсктің орталығында және республиканың кейбір басқа қалаларында жаппай наразылық басталды. Шеруге шыққандарды құқық қорғау органдарының қызметкерлері соққыға жығып, көз жасаурататын газ қолданған. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, митингтер кезінде 6 мыңнан астам адам ұсталды, бірнеше полиция қызметкерлері мен демонстранттар жарақат алды.
Елдегі ахуалдан кейін Еуропалық одақ пен АҚШ Беларуське санкция енгізу мәселесін қарастырып жатыр. Санкция 21 қыркүйекте күшіне енуі тиіс. Ресми өкілдер санкция тізімін кеңейтуге болатынын айтты. Санкция мақсаты – Беларусь билігі мен оппозциясы арасындағы келіссөздерді бастау.


















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті