Сейсенбі күні, 8 қыркүйекте Қазақстанда 73 адамнан коронавирус анықталған.
ДенМин дерегінше, ауру жағдайының ең көбі астанада – 19, Шығыс Қазақстан облысында 16 адамнан табылған. Ал Қызылорда мен Маңғыстау облыстарында ешбір науқас тіркелмепті.
Қазіргі таңда 4 810 адам емделіп жатыр. Оның 2680-і стационарда, 2130-ы амбулаторияда.
Жағдайы қиын 136 науқастың 16-сының ахуалы қатты ннашарлаған. Сондай-ақ, 23 адам өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Елде коронавирус жұққаны ПТР-тестімен расталғандар 106 мыңнан, ақөкпеге асқынғандары 28 мыңнан асты.
Министрлік мәліметінше, өткен аптада (31 тамыз-6 қыркүйек) 46 адам коронавирустан, 27 адам коронавирустық пневмониядан қайтыс болған. Пандемия басталғалы жалпы жиыны вирус жұққандардың 2,5 мыңнан артық қазақстандық (КВИ+ / U07.1 – 1646, КВИ- / U07.2 – 316, ілеспе аурулардан – 556) қайтыс болған. Алайда Қазақстан билігі бойынан коронавирус табылса да, басқа аурулардың себебінен қайтыс болды делінген 556 адамды жалпы статистикаға қосып есептемейді. Сарапшылар бұған қарсы. Олардың айтуынша, коронавирустың жанама әсерінен қайтқандардың жартысынан астамының себебі қан айналымы жүйесінің аурулары болғандықтан, оған инфекция дерт қоздырушы фактор ретінде өлімге әкеп соқтырған.

















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр