Ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйдың уланғаны мәлім болды. Берлиндегі «Шарите» ауруханасының дәрігерлері осындай шешімге келді.
Себебі оппозиционердің ағзасынан әскери химиялық зат саналатын уыт табылған. Бірақ оның нақты қандай у екені әлі анықталмаған. Дәрігерлер Навальный жансақтау бөлімінде жатқанымен, оның өміріне еш қауіп жоқ деп отыр. Бұған дейін ресейлік дәрігерлер Навальныйдың алғашқы анализдерінен улы зат табылмағанын хабарлаған болатын.
20 тамыз Томск қаласынан Мәскеуге бет алған оппозиционер саясаткер Алексей Навальный бортта жағдайы нашарлап, ұшақ дереу Омбы қаласына қонуға тура келген. Кейін жедел жәрдеммен оппозиционерді Омбыдағы ауруханаға жеткізген. Кейін Германия Навальныйды Берлиндегі ауруханаға әкету үшін арнайы санавиация жіберген. Басында Омбы дәрігерлері Навальныйды орнынан қозғауға болмайды деп оны Германияға жіберуден бас тартқан. Кейін омбылық дәрілерлер Навальныйды ауруханадан әкетуге рұқсат беріп, Навальный 22 тамызда Берлинге жеткізілген.
Осы оқиғадан кейін кешкісін Навальныйды қолдау мақсатында Мәскеу, Петербург, Новосибирск, Төменгі Новгород қалаларында ондаған адам наразылық өткізген. БАҚ өкілдері таратқан ақпарат бойынша, олардың көбін полиция ұстап әкеткен.