Түлкібас азаматтары ауруханаға 23 оттегі коцентраторын, қосымша жабдықтар әперді.
Жаз басталғалы бері өршіп, енді беті қайтып жатқан індеттің кезінде мемлекеттік сектордан тыс ел азаматтары қажетті құрылғыларды алуға өздерінше атсалысқаны белгілі.
Соның бір мысалы Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданының тумалары мен тұрғындары өз бетінше жылу жинап, ортадан Орталық ауруханаға керек оттегі концентраторларын сыйға алып берді.

Аурухана қызметкерлеріне түскі ас таратып жатқан еріктілер. Фото: Еріктілерден
Нақтырақ айтқанда, аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен пандемияның қиын шағында түлкібастық еріктілер соңғы бір айда осы құрылғының 23 данасын, 360 дана арнайы медициналық қорғаныш киімін, 210 дана оттегі балонын, 5 дана автоматтандырылған кір жуу машинасын, 15 пулсоксиметр және бөлме-палаталарды залалсыздандыруға қажетті кварц лампаларын табыстаған. Сондай-ақ, аудан еріктілері қауырт кезде медицина саласының қызметкерлеріне түскі ас үлестіру ісін ұйымдастырған.

Аудандық орталық ауруханаға жеткізілген оттегі реттегіш құрылғылары. Фото: Еріктілерден
Қазіргі таңда аудандық ауруханада жалпы есебі 24 оттегі концентраторы бар. Бұдан бөлек, бір мезетте 64 науқас оттегімен дем ала алатын нүктелер орнатылған.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің дерегінше, аудан құрамына кіретін елді мекендерде үйде емделіп жатқан адамдардың жағдайын бақылауға арнайы 22 медицианалық бригада құрылған. Олар ауылдық округ, кент әкімдерінің қызметтік көліктерін медицина қыметіне жаратып, үйме-үй аралап емдеу шарасын жалғастырып отыр.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр