АҚШ қытайлық Huawei мен ZTE компанияларын ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретінін ресми түрде мәдімдеді.
Федералды байланыс комиссиясы(FCC) сейсенбіде Қытайдың Huawei және ZTE телекоммуникациялық компанияларын АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндірді деп анықтады. АҚШ үкіметі компанияларына құрал-жабдық сатып алу үшін үкіметтен бөлінген 8,3 млрд доллар қаржыны осы екі компания өнімі үшін пайдаланыуға тыйым салды.
Былтыр қарашада Федералды комиссия аталған екі қытайлық компаниялардың жабдықтарын қолданыстағы желіден алып тастауды талап етті. Ал, сейсенбіде Федералды комиссия төрағасы Ажит Пэй: «Қытайға біздің маңызды коммуникациялық инфрақұрылымымызды бұзу үшін желілік осалдықтарды пайдалануға жол бермейміз», – деп мәлімдеді.
Бұған қоса, федералды комиссия комиссары Джеффри Старкс АҚШ коммуникация желісінде әлі де «сенімсіз құрылғылар» бар екенін айтып, АҚШ Конгресі бұл құрылғыларды ауыстыру үшін қаражат бөлуі керек деп ескертті.
Былтыр мамырда президент Трамп ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін компаниялар өндірген телекоммуникация құрылғыларын пайдалануға тыйым салатын бұйрыққа қол қойған болатын. Өткен жылы Трамп әкімшілігі Huawei компаниясын сауда жасауға тыйым салып, қара тізімге енгізді.
Федералды комиссия(FCC) қытайлық компанияларға қарсы қатаң талап қояды, талапты орындамаған жағдайда сәуір айында жасаған мәлімдемені жүзеге асырады. Мәлімдемеде АҚШ-та жұмыс істейтін қытайлық телекоммуникациялық компаниялардың лицензияларын қайтарып ала алатыны жайлы айтылған.