Канадалық әскери нұсқаушылар украин армиясының сарбаздары мен офицерлерін оқыту үшін Украинаға барады. Бұл туралы Канаданың ұлттық Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап CBC телеарнасы хабарлады.
Жақын арада Украинаға 90 канадалық әскерилер келеді, олар 14 күндік карантиннен өтіп, канадалық қолбасшылықтан тиісті рұқсат алғаннан кейін жаттығу миссиясын қайта бастайды.
Канаданың қарулы күштері 2015 жылдан бастап Unifier операциясы аясында Львов облысындағы Яворовка полигонында украин армиясының сарбаздары мен офицерлерін оқытып келеді. Миссия құрамында шамамен 200 канадалық әскери бар. 2020 жылы сәуірде коронавирустың таралуына байланысты жаттығу процесі тоқтатылды, нұсқаушылардың көпшілігі Канадаға оралды. Ал Украинада 60 канадалық әскери қызметші өз әскери лагерінде тәртіпті қамтамасыз ету үшін қалды.
Былтыр наурызда Канада үкіметі Украинада 2022 жылға дейін жаттығу миссиясын ұзарту туралы шешім қабылдаған.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы