Биыл мектеп түлектеріне бакалавриатқа түсу үшін мемлекет тарапынан 54 мың грант, магистратурға 13 мың, ал докторантураға 2 мың грант бөлінді.
Білім және ғылым министрлігінің департамент директоры Әділет Тойбаевтың хабарлауынша, ауыл жастары үшін арнайы квоталар қарастырылған. Мектеп түлектері ҰБТ-дан кейін жоғарғы оқу орынына құжат тапсырғанда тек бір ғана мамандықты емес, өз қалауы бойынша 4 түрлі оқу бағдарламалар тобын таңдай алады. Ол таңдау тестілеуде тапсырылған 2 бейінді пәнге тәуелді болмайды.
Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу маусымның 20-сы мен шілденің 5-і аралығында өтеді. Тест тапсыруға 130 мыңнан астам өтініш түскен. Олардың басым бөлігі онлайн форматта берілді. Карантин режиміне байланысты емтихан барысындағы санитарлық талаптар күшейтілгендіктен, ата-аналардың тест тапсыру орындарына келуіне тыйым салынды. Ал ҰБТ нәтижелері тапсырушылардың телефондарындағы мессенджерге жіберіледі.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел