Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов халыққа екпе жасауға қатысты мәлімдеме жасады.
Министр сөзінде: «Вакцинациялау – қазіргі Кодекс пен жаңа Кодекс жобасы бойынша кез келген адамға келісімі арқылы ғана (немесе заңды өкілінің келісімі – баланың ата-анасы) жасалады. Кез келген адам (ата-ана) одан бас тарта алады. Ол мәжбүрлі емес. Әйтсе де халықты вакцинациялау – инфекция эпидемиясынан халықтың қорғаудың бірден-бір ғылыми негізге ие әрі дәлелденген амалы. Бұл мемлекеттік денсаулық сақтаудың міндетті шарасы. Бізге бұл вакциналарды сатып алу керек болмай қалады. Жылына 4 миллионнан астам балаға туған кезде және туғаннан кейін мемлекет есебінен полиомиелит, туберкулез, сіреспе, қызылша, көкжөтел, гепатит, пневмонияға қарсы екпе жасалмайды», – деп жазды Елжан Біртанов Facebook парақшасында.
Осыған дейін Парламент Мәжілісінің депутаттары «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдаған болатын. Соған сәйкес екпелердің барлығын міндетті және ерікті деп екіге бөлу туралы шешім қабылданды.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді