БҰҰ сарапшылары Ирак пен Сүриядағы көп жылдық соғыста жасырылған миналар, қолдан жасалған жарылғыш заттар мен жарылмаған басқа да оқ-дәрілерді тазалап, зарарсыздандыруға 40-50 жыл уақыт пен миллиардтаған доллар қаржы кететінін мәлімдеді деп жазады "Орталық Азия хабар қызметі".
БҰҰ-ның минадан тазарту қызметінің директоры Агнес Маркайюдың айтуынша, соғыс шарпыған екі елді Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Еуропа сияқты жасау үшін ондаған жыл уақыт қажет. Бұл туралы ол 4 сәуірде Халықаралық мина қаупінен хабардар ету күніне орай өткен баспасөз конференциясында айтты.
Маркайю Ирактағы "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымынан қайтарып алынған территорияларды мина, қару-жарақ пен жарылғыш заттардан тазарту үшін жылына 180 миллион доллар, оның ішінде тек Мосул қаласының өзінде осындай жұмыстар жүргізуге жылына 50 миллион доллар жұмсау керек деген болжамын айтты.
"Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін француздар, немістер мен британдықтардың өз жерін өзі тазалағаны сияқты Ирак үкіметіне де өз проблемасымен өзінің айналысуына мүмкіндік беру қажет" деді Маркайю. Ол сонымен қатар Сирия территориясын қайтадан қауіпсіз ету үшін "орасан зор күш қажетін", бірақ оның қаржы табылғанда ғана жүзеге асатынын айтты.
“The Qazaq Times”


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер