Жапонияда коронавирус пандемиясына қарсы енгізілген төтенше жағдай режимі аяқталды. Бірақ вирустың екінші толқыны болуы мүмкін. Бұл туралы ел премьер-министрі Синдзо Абэ мәлімдеді.
Бұған дейін төтенше режим Жапонияның бес префектурасында: Токио, Канагава, Сайтама, Чиба және Хоккайдода енгізілген. 8 сәуірде Токиода және оған жақын орналасқан Канагава, Сайтама және Чиба префектураларында, Жапонияның негізгі Хонсю аралының оңтүстік-батысындағы Осака мен Хиого префектураларында және Кюсю аралындағы Фукуока префектурасында төтенше режим енгізілді. 16 сәуірде 31 мамырға дейін билік режимді барлық аймақта күшейтті.
Соңғы мәліметтер бойынша, Жапонияда коронавирус жұқтырған адамдардың саны, оның ішінде Diamond Princess круиз кемесінде болған науқас санымен қоса есептегенде, 17,3 мыңнан асып, 850-ден астам адам қайтыс болды. 13,8 мыңнан астам адам сауықты.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді