Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы 2020 жылды Мейірбикелік және акушерлік қызмет саласындағы қызметкерлердің халықаралық жылы деп жариялады.
ДДСҰ 2030 жылға дейін мейірбикелік және акушерлік салада 9 млн қосымша жұмыс орнын құру қажет дейді.
Ұйымның ресми сайтындағы хабарламада: «Медбикелер мен акушерлер денсаулық сақтау саласында қызмет көрсетуде маңызды рөл атқарады. Олар өз өмірін аналар мен балалардың қамқорлығына арнайды, өмірлік маңызды екпелер салып, медициналық ұсыныс-кеңестерін береді, қарт адамдарға күтім жасайды. Жалпы алғанда халықтың денсаулық сақтау саласындағы негізгі күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандырады. Олар көбіне жергілікті тұрғындар үшін медициналық көмек көрсететін алғашқы және жалғыз адам болып отыр», — делінген.
Айта кетейік, Covidvisualizer.com сайтының мәліметінше, әлем бойынша коронавирус дертіне шалдыққандар саны 2 миллионға жеткен. 126 800 адам қайтыс болған. Вирус дерегі ең көп тіркелген елдер ондығында АҚШ, Испания, Италия, Франция, Германия, Ұлыбритания, Қытай, Иран, Түркия және Бельгия тұр.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді