Алматы қаласы әкімдігі жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб бұрын қабылданған құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Бұл туралы қала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлады.
Мәліметтер бойынша, Алматы қаласындағы блок-бекеттер арқылы кіру/шығуына рұқсат етілген тұлғалар тізіміне өзгерістер енгізілген.
«ҚР-ның өзге аймақтарының құқық қорғау және арнайы органдарының (ҰҚКД, Прокуратура, ЭТД, МКД, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі, ЖКҰБ, ҚР МҚК, ЖП, Ұлттық гвардия, ҚМ, ТЖД) қызметтік қажеттілікке орай Алматы қаласына кіру және шығу үшін аймақтық органның бірінші басшысының қолы қойылған қағаз жүзінде рұқсаты болуы тиіс», - деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес шектеулердің қолданылуы 6 сәуір күні сағат 00:00-ден 2020 жылғы 13 сәуірге дейін ұзартылды.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел