АҚШ пен Еуроодақ Украинаға қаржылық көмек көрсетеді. Бұл туралы Украинадағы ЮСАИД кеңсесі хабарлады.

Американың Халықаралық даму агенттігі (ЮСАИД) Украинаға коронавирустың таралуына қарсы тұру үшін 1,2 миллион доллар бөлді.

Ресми мәлімдемеде: «АҚШ үкіметі Украинаға COVID-19 таралуын шектеу үшін медициналық және гуманитарлық көмек көрсетті. ЮСАИД Украина ресурстарымен, гуманитарлық көмек саласындағы халықаралық серіктестермен және басқа да мүдделі тараптармен осы ресурстарды пайдаланудың басым бағыттарын анықтау мақсатында қаржылық қолдау үлестіреді», — делінген хабарламада.

Ал Еуропалық одақ Украинаға қаржылық қолдау туралы шешім қабылдаа, Киевке пандемиямен күресу үшін 80 миллион еуро бөлді.

Соңғы деректер бойынша, Украинада 528 адам дертке шалдығып, 13 адам ажал құшқан. 17 наурыздан 24 сәуірге дейін елде карантин жарияланды, 26 наурыздан бүкіл аумақта төтенше жағдай режимі енгізілді.

Бұған дейін Украинаның премьер-министрі Денис Шмигал елде коронавирустық инфекциямен және оның салдарымен күресу үшін елде 200 миллиард гривен (шамамен 7,2 миллиард доллар) мөлшерінде тұрақтандыру қорын құрамыз деп мәлімдеген.

"The Qazaq Times"