Америка Иранға енгізілген санкциялардың тізімін кеңейтті. Бұл туралы АҚШ Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Рестрикция Alam Althrwa General Trading, Alphabet International Dmcc, Alwaneo, Petro Grand FZE және Swissol Trade компанияларына қатысты. Ресми Уашингтонның айтуынша, аталған компаниялар Иран мұнай және мұнай-химия өнімдерін сатуға ықпал етіп отыр.
Қаржы министрлігі: «2019 жылы бұл бес компания бірлесіп жүздеген мың тонна мұнай өнімдерін Иран ұлттық мұнай компаниясынан сатып алды. Мұнай және мұнай-химия салалары Иран режимі үшін табыстың негізгі көзі саналады, ол Таяу Шығыстағы Ислам революциясы Күзет корпусының заңға қайшы әректеріне бірлесе атсалысқан. Соның ішінде террористік топтарға қолдау көрсету де бар», – дейді.
Қара тізімге жеке және заңды тұлғалардың енуі – олардың АҚШ-тағы активтерінің бұғатталуын білдіреді және америкалық компанияларға Иранмен келісімшартқа отыруға қатаң тыйым салынады. Тыйым шетелдік қаржы мекемелеріне де қатысты қолданылады.


















Қонаев сотындағы текетірес: 187 томдық жұмбақ, «заңсыз қамау» дау, судьяға екінші мәрте отвод
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?