Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ербол Нұрғалиев қызмет барысы қашықтықтан атқару форматына ауысқан және тоқтаған азаматтардың еңбекақы төлемі туралы хабарады.
Комитет төрағасының сөзінше, бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес карантинге алынған азаматтарға «еңбекке жарамсыздық қағазы» беріледі.
Ең көп сұрақ туғызып отырған мәселе «өндірісті тоқтата тұру кезіндегі қызметкерлердің еңбекақысы». ТЖ-ға байланысты кейбір кәсіпкерлер өз жұмысын тоқтатуға мәжбүр болып отыр.
– Еңбек кодексіндегі 112-бабына сәйкес, «жұмыс беруші мен жұмыскерге қатыссыз себеппен процесс тоқтаған жағдайда ақы төлеу жалақының ең төменгі мөлшерінен кем болмайтын деңгейде бекітілген. Еңбек шартында бұл қарастырылған болса, одан да жоғары төленуі шарт». Демек еңбек күнінің ең кем төлемі төленуі тиіс. 138-бапқа байланысты «жұмыс барысы қашықтықтан атқаруға ауысқан кезде төлем жұмыс берушінің бұйрығымен белгіленеді», – деді еңбек министрлігінің өкілі Нұрғалиев.
Десе де пайыздық мөлшер мен төлем көлемі туралы нақты сандық мәліметтер айтылмады.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы