Израиль коронавирус пандемиясымен күресте лаңкестікке қарсы құрылғыларды қолданбақ. Бұл туралы ел премьер-министрі Биньямин Нетаньяху хабарлады.
Шетелдік басылымдар Израильдің бұл қадамын «миға қонымсыз, күлкілі әрекет» деп сынға алған.
Израиль премьер-министрі сөзінде: «Біз дертпен күресу үшін барлық шараны қолға алып жатырмыз. Енді үкімет қажетті техникалық құрал-жабдық туралы шешім қабылдайды. Денсаулық сақтау министрлігі лаңкестікке қарсы күресте қолданылатын цифрлық технологияны пайдалануды сұрап отыр. Біз оны азаматтық мақсатта қолданған емеспіз. Бірақ қазір жағдай осыны талап етіп отыр», – дейді.
Қазіргі уақытта елде дәмхана, мейрамхана, спорттық орындар және азық-түліктен басқа барлық дүкендер жабылды. Ресми Тель-Авив шетелден келген азаматтардың барлығын 14 күнге өзін өзі оқшаулауға міндеттеген. Соңғы деректер бойынша, Израильде 200 адам вирус жұқтырған.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы