Алматы қаласындағы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің бас санитар дәрігері Айзат Молдақасымова коронавирус күдігімен карантинге алынды.
Бұл жөнінде оның орынбасары Әсел Халықова хабарлады.
Қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Халықова:
«Айзат Молдақасымова Франкфурт-на-Майне рейсінде ұшқан. Сонда борттағы коронавирус жұқтырған науқаспен байланыста болған. Айзат өз бетінше оқшауланған еді. Анализ қорытындысы вирусты терістеген соң үйіне жіберіліп, телефон арқылы бақылауға алынды», – деп мәлімдеді.
Бұған дейін Қазақстанда 6 адам коронавирус жұқтырғаны ресми түрде расталған. Ведомствоның мәліметінше, бүгін ҚХР-дан және шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасып жатыр. Барлық санаттар бойынша мониторингке 2 мың 272 адам алынды, оның ішінде 1 "а" санаты бойынша – 1 мың 438, 1 "б" санаты бойынша – 475, 2 санаты бойынша – 359 адам. Мониторингке алынған 2 мың 272 адамның 380-іне бақылау тоқтатылды. 14 наурыздағы жағдай бойынша барлығы 1 мың 892 адамға мониторинг жүргізуде.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы