Малайзиядағы әуежайда қастандықпен өлтірілген Ки Чен Намның оқиғасы Солтүстік Корея мен Малайзия арасында біраз уақыт дау тудырған болатын. Шетелдік ақпарат құралдарының бүгінгі хабарына қарағанда, Малайзия жағы Ким Чен Намның мүрдесін Солтүстік Кореяға қайтаруға келісім берген. Сонымен бірге екі ел арасында туристердің келіп-кетуіне тиым салмау туралы келісім жасалған. Ким Чен Нам болса КХДР-ның ең жоғары басшысының әкесі бір, шешесі бөлек ағасы болып саналады.
30 наурыз күні, Солтүстік Корея орталық ақпараттық агенттігінің екі ел арасында жасалған келісімнің мазмұнын таратты. Келісім екі ел арасындағы қарым-қатынастың маңыздылығын қуаттаған. Тіпті екі ел азаматтарының визасыз қатынасуын да талқылаған. Келісім екі жақтылы жоғары деңгейде дипломатиялық қарым-қатынасын орнатуға тырысқан.
Солтүстік Кореяның ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда, Малайзия мен арада жасалған бұл реткі келісім екі ел қарым-қатынасында соңғы кезде қалыптасқан тоқырауды сейілтті делінген. Естеріңізде болса Ким Чен Нам ақпан айында Куала-Лумпур халықаралық әуежайында өзгелер жағынан қастандыққа ұшыраған еді. Енді міне Малайзия үкіметі қастандыққа ұшыраушының мүрдесін Солтүстік Кореяға, туыстарына қайтаруға келісім беріп отыр.
“The Qazaq Times”


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер