Қытайдың Ухань провинциясында пайда болған коронавироус соңғы күндері тіптен ауқымын кеңейтіп әлем жұртшылығының алаңдаушылығын тудырып отыр. Соған орай info РСК алматы төмендегідей анықтамалар мен ескертпелерді тарқатты.

Коронавирус инфекциясы дегеніміз не?

  • коронавирус - бұл 2019-nCoV деп аталатын вирустық инфекцияның жаңа түрі;
  • жоғарғы тыныс алу жолдарының жеңіл немесе орташа ауруын тудырады, өкпе қабынуы асқынып, өлімге әкелуі мүмкін;
  • 2019 жылы Қытайда, Ухань провинциясында анықталды;
  • Вирустың басқа елдерге сапар немесе саяхат шеккенде таралады;
  • вирус жылдам тарайды;
  • 27 елде коронавирус жұқтырған 20 630 оқиға тіркелген, оның 427-і өліммен аяқталған. Бұлардың басым бөлігі Қытайда орыналған.
  • ҚХР-да 5974 оқиға тіркелген;
  • Хубей провинциясының 15 қаласында карантин жарияланып, тұрғындарға қаладан кетуге тыйым салынған;
  • автобус, поездардың қозғалысы, ұшақ рейстері тоқтатылды;

Коронавирустың белгілері:

  • дене қызуының көтерілуі
  • тұмау
  • бас ауруы
  • жөтел
  • тамақ ауруы
  • әлсіздік
  • іш өту

* иммундық жүйесі әлсіз әрі төмен адамдар да жиі кездеседі, сәбилер  мен қарттар да сырқатқа ұшырауы мүмкін.

Инкубациялық кезең - 2 күннен 14 күнге дейін.

Диагностика

Бүгінгі таңда Қазақстанда 2 сағаттың ішінде нәтиже беретін жаңа тест-жүйелері қолданылуда. Ол үшін:

  • қанның анализі
  • несеп анализі
  • зертханалық зерттеулер
  • ПТР тапсыру қажет.

Коронавирусқа арнайы диагностика тек медициналық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.

Инфекцияның берілу жолдары:

  • көбінесе ауру адам жөтелгенде немесе түшкіргенде ауа тамшылары арқылы таралады
  • тұрмыстық байланыс арқылы –бұл жеке байланыс, (жанасу, қолалысу, залалды объектіде болу немесе бетті тигізу)

Вирус  өзі ағзадан тыс ұзақ өмір сүре алмайды және бірнеше күн ішінде жойылып кетеді.

Профилактикалық шаралар:

- қол және тыныс алу жолдарының гигиенасын сақтау, қолды 20 секунд бойы мұқият жуу, мұрынды изотониялық ерітіндімен жуу;

- иммунитетті арттыру: дұрыс ұйықтау, дұрыс тамақтану, спортпен айналысу;

- бөлмені желдету;

- жиі қолданылатын заттарды залалсыздандыру құралдарымен сүрту;

- катаралдық құбылыстары бар тұлғалармен қарым-қатынас жасамау;

- коронавирус жағдайлары тіркелген, қауіпті аймақтарға сапарға шықпау;

- адам көп жиналған жерлерден алшақ болу.

"The Qazaq Times"