Түркияның Маниса провинциясындағы Кыркагач ауданында магнитудасы 4,8 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.
Түркия үкіметі жанындағы (AFAD) Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасы сайтының хабарлауынша, жерасты дүмпуі 28 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша 14:26-да тіркелген. Зілзала кіндігі 7 километр тереңдікте орналасқан. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі басқармасының (AFAD) мәліметінше, зілзаладан кейін магнитудасы 4 балл және одан да жоғары 228 афтершок тіркелген.
Бұған дейін 25 қаңтарда Элязыг провинциясында 6,8 баллдық жер сілкінісі болып, салдарынан 40-қа жуық адам мерт болған. Элязыг провинциясының Сивридж уезде 5 және Малатья провинциясындағы Доганйол ауданында 25 ғимарат құлаған. Медициналық көмекке барлығы 1566 адам жүгінген. 76 ғимарат қирап, 643 нысанға айтарлықтай нұқсан келген. 425 нысан жеңіл және орташа деңгейде зақымданды. Зілзаладан кейін іле-шала 599 афтершок тіркелді. Ал 24 қаңтарда Анкара түрік провинциясының Акьюрт ауданында магнитудасы 4,5 балдық жер сілкінген.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы