Қытайдағы жаңа коронавирустың эпидемиялық жағдайы ушығып барады. Вирустың пайда болған ошағы ретінде Ухан қаласында толықтай карантин орнатылып, қаладан шығуға және қалаға кіруге шектеу қойылған. Осындай жағдайда Германия Ухан қаласындағы өз азаматтарын эвакуациялау үшін әскери ұшақтар жіберген.

Германияның «Шпигель» басылымы кешегі хабарында, елдің әскери-әуе күштері Ухан қаласындағы неміс азаматтарын елге қайтару үшін сәрсенбі немесе бейсенбі күні Қытайға ұшуға дайындалып жатқанын мәлімдеді.

Германия СІМ басшысы Марс та дүйсенбі күні өткен баспасөз жиынында аталған мәліметті растады және ел азаматтарын уақытша Қытайға сапарларын тоқтатуға шақырған.

Қытайдың ресми органдары таратқан соңғы мәліметтерге қарағанда, коронавирусқа шалдыққандар саны 3 мыңнан асты және 106 адам көз жұмған. Қытайдың Ұлттық денсаулық сақтау комитетінің мәліметіне қарағанда жаңа коронавирустың таралу деңгейі барған сайын күшейіп келе жатқаны айтылады. Жаңа вирус Қытайдың Тибет автономиялы аймағынан тыс барлық провинциялары мен автономиялы региондарға таралды және Қытайдан басқа 10-нан астам елге таралған.

“The Qazaq Times”