Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет өзінің facebook парағында Алматыдағы негізгі ботаникалық бақ экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне берілгенін хабарлады.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №951 Қаулысымен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ботаника және фитоинтродукция институты (Бас ботаникалық бақ)» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қарамағына берілді», – деп жазды баспасөз өкілі.
Осыған дейін ботаникалық бақ білім және ғылым министрлігінің қарамағында болған. Республикалық баланстағы нысан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тізімінен шығарылмайтын болды.
Бүгінгі таңда ботаникалық бақта батыс және солтүстік павильондардың құрылысы аяқталды. Биыл қайта жөндеу жұмыстары толығымен аяқталмақ. Бақ аумағында сирек кездесетін мыңдаған ағаш-бұта мен гүл түрлері отырғызылып жатқан көрінеді.
1932 жылы құрылған бақ ботаника және фитоинтродукция институтының құрамындағы ғылыми-зерттеу мекемесі екені белгілі. Есентай және Үлкен Алматы өзендерінің аралығында орын тепкен бас ботаникалық бақта жергілікті және басқа жерлерден әкелінген өсімдіктердің 5,5 мыңдай түрі мен сорты (оның 100-ге жуық түрі Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген) бар. Аумағы 104 га құрайтын бақтың реконструкциялық жұмысын Қазақстандағы ең бай адамдардың бірі Болат Өтемұратовтың қайырымдылық қоры жүргізіп келеді.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы