Дубайдағы жасанды интеллект зертханасында жеке сектордағы және мемлекеттік қызметтегі адамдардың жұмысын арнайы роботтар атқаратын болады деп хабарлайды Khaleej Times.
Зертхана 27 наурызда ашылған болатын, ал сәуір айынан бастап 200 қызметкер арнайы дайындық жұмыстарына кіріспек. Сонымен қатар, зертхана ғалымдарға, студенттерге және басқа да қызығушылық танытқандарға да бірлесе жұмыс жасауға мүмкіндік беріп отыр.
Smart Dubai Office зертханасының бас маманы Аиша бин Бутти бин Бишр: "Біз болашаққа қадам басу үшін, басшылықтың, саясаткерлердің жұмысын жіті бақылап, жасанды интеллектіні келтірілген жүйеге сай қызметке енгізуіміз қажет. Ал бұл техналогияны енгізуден басқа амалымыз қалмады. Осы жүйенің арқасында байланыс орталығындағы қызметкерлерді, ата-аналарға балалары үшін жақсы мектеп таңдауға көмек көрсете алатындай танымдық техналогияларды енгізе отырып, қызметкерлердің жұмысын жеңілдетіп және басқа да заңбұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік туып отыр".
«The Qazaq Times»


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау