ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жекелеген бюджеттік бағдарламаларының іске асырылуы бойынша жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы жарияланды. Нәтижесінде аталған ведомство жұмысында 343 млн 900 мың теңгенің қаржылық бұзушылық фактілері анықталған.
Министрлік жұмысынан бірқатар кемшілік табылған. Есеп комитетінің мүшесі Талғат Жақан мәләмдемесінде: «Атап айтқанда, министрлік «Қазақ ұлттық хореография академиясына» 7,9 млн теңге көлемінде негізсіз қосымша құн салығын (ҚҚС) аударған. Ол уақытта академия ҚҚС төлеуші болмаған. Жалпы, аудиторлық шаралар бойынша 343 млн 900 мың теңгенің қаржылық бұзушылық фактілері анықталды. Орынды жоспардың болмауынан 20 млрд 600 млн теңге тиімсіз жұмсалған. 846 млн теңгенің мемлекеттік сатып алуы кезінде бұзушылықтарға жол берілген. 91 процедуралық бұзушылық болған. Аудит барысында орнына қойылуы тиіс 10 млн 900 мың теңгенің бұзушылықтарын реттеу бойынша шаралар қабылданды. 333 млн теңгенің жұмысы қалпына келтірілді. 9 млн 700 мың теңге өтелді. 75 млн 400 мың теңге қайтарылды. Әкімшілік құқықбұзушылық сипаты бар 28 іс әкімшілік өндіріс ісін қозғау үшін уәкілетті органға тапсырылды», – дейді.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел