Ұлыбританияның астанасы Лондон қаласының тұрғындары шеру өткізу арқылы Сауд Арабиясы режимінің Йеменге қарсы шабуылдарын айыптады. Бұл туралы Фарс баспасөзі хабарлады.
Наразылар Ұлыбританияның астанасында ұрандар айтып, Сауд Арабиясы режимінің Йеменге шабуылдарын доғаруды талап етіп, йемендік әскери емес азаматтарды өлтіруді ақтауға болмайтын іс деп айыптады. Лондон тұрғындары сондай-ақ Ұлыбритания мен өзге араб елдерінің Сауд Арабиясына қару- жарақ сатуын айыптап, осы шараны қайтадан қарауды талап етті.
Сауд әулеті режимі 2015 жылды наурыз айынан АҚШ пен бірлесіп аймақтағы кейбір араб елдерінің демеушілігімен Йеменге шабуыл жасап, осы елдің отставкадағы президенті Абд Раббу Мансур Хадиді билікке қайтаруды көздеп отыр.
Сауд Арабиясының Йеменге жасаған шабуылдары салдарынан шамамен 11 мың адам қаза болып, кем дегенде 3 миллион адам босқынға айналған. Бұған қоса осы елдің инфрақұрылымдық нысандарына зор шығын келтірілді.
“The Qazaq Times”
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы