Францияда президенттікке үміткер Марин Ле Пен Еуроодақтың әлемнің саяси картасынан жоғалып бара жатқандығын мәлімдеді. Сонымен қатар, Лилль қаласындағы жақтастарына Францияны ғаламдану процесінен аман алып қалатындығын айтты деп хабарлайды Рейтер агенттігі.
"Ұлттық фронт" партиясының көшбасшысы Марин Ле Пен: АҚШ президенті болып Дональд Трамп сайланғаннан және Ұлыбританиядағы референдумнан кейін Франциядағы сайлау "халықтың жаһандық көтерілісіне" деген кезекті қадам болып отырғандығын айтуда.
Ле Пен: "Еуроодақ жойылады. Өйткені, бұдан былай оның адамдарға еш пайдасы жоқ. Тәкәппар үстемдік етушілердың ғұмыры ұзақ болмайды" - деп, халықтың қошаметіне бөлене отырып, мәлім еткен болатын.
Франциядағы президент сайлауы, сәйкесінше, 23 сәуір мен 7 мамыр күндері екі кезеңмен өткізілмек.
«The Qazaq Times»

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі