Бүгін Алматыда дәстүрлі «Бастау» халықаралық кино фестивалі басталады.
Желтоқсанның 3-і мен 7-і аралығында өтетін VIII Халықаралық «Бастау» фестивалі «Жаңа буын киносы» девизімен өтпек. Шара студенттік және дебюттік фильмдер аясында жүзеге асырылады.
Бір ғана студенттік қысқаметрлі фильмдер санатына 21 елден келген 43 қысқаметражды көркем, деректі және анимациялық фильмдер кірген. Олардың қатарында Германия, АҚШ, Латвия, Армения, Әзірбайжан, Үндістан, Литва, Сингапур, Түркия, Өзбекстан, Украина, Қырғызстан сынды басқа да елдердің фильмдері бар.
Биыл фестивальге 44 елден 360 өтінім келіп түскен. Олардың арасында ең көп өтінім Ресейден келген (60 фильм). Нәтижесінде Bastau Shorts бағдарламасында 11 ресейлік фильм ұсынылатын болады.Сондай-ақайтулы байқауға 6 отандық фильм іріктелініп алынған, олар: режиссер Камилла Бердімұратованың «Тақсыр» деректі фильмі, режиссер Айдарбек Абдулқадырдың «Терең су» анимациялық фильмі, режиссер Самғар Рақымның «Ауылға дипломмен» көркем туындысы, Еламан Шаубановтың «Бауыр» картинасы, Дарина Манапованың «Мәулен» және Бағлан Құдайберлиевтың «Тыныштық әні» көркем фильмдері.
Халықаралық «Бастау» студенттік және дебюттік фильмдер фестивалін «Бастау» ХКФ Бас Дирекциясы, «Кинокомпания Tanaris Production» ЖШС, Алматы қалалық әкімдігінің қолдауымен A Team компаниясы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер Академиясы, ТҰРАН Университеті, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ өткізеді.
Халықаралық «Бастау» кинофестивалінің президенті Сергей Әзімовтің бастамасымен іске асқан дәстүрлі ауқымды жобаның қорытындысы мен жеңімпаздары желтоқсанның 7-сі белгілі болады.
Фестивальдің ашылу салтанаты бүгін ақшам уағында, сағат 19:00-де «Алатау» дәстүрлі өнер театрында режиссер Шарипа Оразбаеваның «Мәриам» фильмімен ашылады.
Фестивальдің барлық фильмдері Bekmambetov Cinema кинотеатрлар желісінде көрсетілу жоспарланған. Халықаралық кино фестивалінің іс-шара бағдарламасы мен көрсетілім кестесін мына жерден біле аласыз.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы