Солтүстік Корея ядролық сынаққа дайындығын аяқтады деп хабарлайды Ренхап агенттігі, қорғаныс министрлігіндегі анонимді ақпарат көздеріне сүйене отырып.
АҚШ пен Оңтүстік Кореяның қарулы күштері Солтүстік Кореяның ядролық аймақтарын жіті бақылай отырып: "Біздің болжамдар бойынша, КХДР Ким Чен Ын бұйрық бергеннен кейін бірнеше сағат ішінде ядролық сынақты жүзеге асыруға дайын" - деп отыр.
Осы уақытқа дейін Fox News телекомпаниясы КХДР алтыншы ядролық сынақты наурыз айының соңына жоспарлап отырғандықтарын жеткізген еді. Солтүстік Корея Хамгён-Пукто аймағындағы Пунгери полигонының тоннельдерін қазу жұмыстарын аяқталғандығы белгілі болған.
Өткен жылы Пунгери полигонында екі бірдей ядролық сынақ орын алған, ал бұл сынақтар КХДР-ның төртінші және бесінші ядролық сынақтары болып отыр.
"The Qazaq Times"

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі