БҰҰ мәлімдеме жасап, Түркияның Сүриядағы күрд қарулы күштеріне бағыттаған шабуылынан кейін 16 мыңнан астам адамның босқынға айналғанын айтты.
«Рейтер» таратқан хабарға қарағанда, БҰҰ Түркияның Сүрия жеріндегі қарулы әрекеттерінен босқындар санының көбейгеніне алаңдаулы. БҰҰ бас хатшысының баспасөз мәлімдемешісі Стефан Дюжаррик кезекті сөзінде: «Бізде бар мәлімет бойынша, Түркия мен Сүрияның шекаралас аймағындағы Манбиж бен Алеппода 16 мың 200 тұрғын босқынға айналды», – деп мәлімдеген.
БҰҰ тарабы Түркияның әскери әрекеттерінен бұрын да ескерту жасаған болатын. Түркияның әскери шабуылы Сүрияның солтүстік аймағында ауқымды әлеуметтік дағдарыс алып келуі мүмкін деп болжанған.
БҰҰ сондай-ақ, аймақта қолға түскен ДАИШ террорлық тобының мүшелерін еліне қайтару туралы келіссөздер жүргізіліп жатқанын да мәлімдеді.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес