Қазақстан мен Чехия қарым-қатынасы нығая түспек. Осы аптада Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин мен Қазақстанға ресми сапармен келген Чехия Парламенті депутаттар палатасының спикері Радек Вондрачек екі елдің парламентшілері арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.
Ресми parlam.kz сайтының мәліметінше, Радек Вондрачек Қазақстан мен Чехия арасындағы байланыстың деңгейін жоғары бағалаған. Өз кезегінде Нұрлан Нығматулин Чехия Парламенті депутаттар палатасы спикерінің сапары ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастықты жан-жақты тереңдетуге маңызды серпін беретініне сенім білдірді.
Чехия Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің арасындағы Қазақстанның негізгі саяси және экономикалық серіктестерінің бірі болып табылатынын айтқан Нұрлан Нығматулин Қазақстан басшылығы Чехия елімен қарым-қатынасты тереңдетуге ерекше мән беретінін атап өтті. Мәжіліс төрағасының пікірінше, екіжақты ынтымақтастықты дамытуға денсаулық сақтау, машина жасау, агроөнеркәсіптік технологиялар, «жасыл» энергетика сияқты әлеуетті салалардың маңызы зор. Екіжақты қатынастардың маңызды құрамдас бөлігі ретінде парламентаралық ынтымақтастық туралы айтқан мәжіліс төрағасы тиісті комитеттер мен ынтымақтастық топтарының бірлескен жұмысы заңнамалық тәжірибе алмасуға, ең алдымен әлеуметтік саясат және білім, сондай-ақ экономиканың инновациялық дамуы мен цифрландырылуына мүмкіндік беретініне тоқталды.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді