«Чернобыль» сериалы Эмми телевизиялық сыйлығына ие болды. 71-ші марапаттау рәсімі Лос-Анджелестегі Microsoft театрында өтті. Трансляцияны Fox телеарнасы жүргізді.
Биыл «Чернобыль» ең үздік мини-сериал (Крэйг Мэйзин, Джейн Фезерстоун және Кэролин Штраусс), үздік режиссура (Йохан Ренк) және үздік сценарий (Крэйг Мэйзин) аталымында марапатқа ие болды. Аталған сериал жалпы саны 19 номинацияға ұсынылса, «Тақтар ойыны» (Game of Thrones) 32 аталым бойынша бақ сынады.
«Чернобыль» – американдық HBO және Британдық sky телесетінің бірлесуімен түсірілген бес сериялы драмалық шағын сериал. Негізгі сюжет 1986 жылы орын алған Чернобыль АЭС-індегі апатқа, осы апаттың салдарын және себептерін анықтауға арналған. Басты рөлдерді Джаред Харрис, Стеллан Скарсгард, Эмили Уотсон, Пол Риттер сомдады. Сериалдың премьерасы АҚШ-та 6 мамырда және Ұлыбританияда 7 мамырда өтті.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел