Ресейдің әскери-теңіз күштерінің "Виктор Леонов" аталмыш барлау кемесі АҚШ-тың шығыс жағалауларында байқалды деп хабарлайды FoxNews, америкалық ӘТК-нің мәліметтеріне сүйене отырып.
Кеме, келіп жеткен ақпаратқа сәйкес, Джорджия штатындағы Кингс-Бей деген америкалық сүңгуір қайықтар базасынан оңтүстік-шығысқа қарай 37 шақырым қашықтықтағы аймақта байқалған.
Сонымен қатар, "Виктор Леонов" жағалауға дейін 22,2 шақырым қашықтықтан басталатын АҚШ шекарасына кіретін аймаққа жақындамаған.
Осы уақытқа дейін де, 2017 жылдың ақпан айында, "Виктор Леонов" Коннектикут штатындағы сүңгуір қайықтар базасының маңында байқалып, кейіннен, Виргиния штатының Норфолк порт-қалашығында да көрінген болатын.
«The Qazaq Times»

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі