Ауғанстандағы соғыстың басталғанына 18 жыл болды. Елге бейбітшілік орнатуды көздеген АҚШ пен Талибан арасындағы келіссөздер жақында ғана сәтсіздікке тап болды. Қазір Ауғанстанда дағдарыс ауыр күйінде қалып отыр.
Бейбітшілік келіссөздері кезіндегі анықталған мәліметтерге қарағанда, биыл бір ғана тамыз айында Ауғанстанда 2307 адам қақтығыс, қарулы шабуылдардан қаза тапқан. Демек, сол ел азаматтарынан әр күні орта есеппен 74 адам қақтығыстардан көз жұмады.
BBC таратқан мәліметке қарағанда, тамыз айында Талибан қозғалысының 974 адамы, үкіметке қарасты қауіпсіздік күштерінің 675 адамы, ал бейбіт тұрғындардан 473 адам көз жұмған.
Тамыз айындағы ауыр зардап әкелген шабуылдың бірі үйлену тойы кезінде жасалған жарылыс болды. Бұл шабуылда 92 адам қаза тапқан. Бұл және 2019 жылдағы ең «қанды күн» ретінде тіркелді.
Ауғанстандықтар оғыс басталған 18 жылда бір де бір күннің тыныш өтпегенін, әр күні жақындарынан айырылып жатқандарын айтады. Соғыстан әбден қажыған, жетім-жесірлер "бұл соғыс ешқашан тоқтамайды" деп үмітсізденеді.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес