АҚШ «Қорғаныс жаңалықтар» сайты 14 наурыз, АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Донг Элланың «Обама үкіметі жолға қойған «Азия-Тынық мұхитқа оралу» саясаты әлде қашан «өліп болды», – деген пікірін жариялады. Донг Элла бұл пікірді, 13 наурыз ақпарат құралдарына берген сұхбатында айтқан болатын. Бұл туралы қытайдың Шинлаң агенттігі сайтында хабарланды.

Донг Элла Обама билігі тұсындағы «Азия-Тынық мұхитты қайта қалыптастыру» саясаты әлдеқашан ақырласқанын, ал Трамп үкіметінің Азия-Тынық мұхит өңіріне жаңа саясат жүргізетінін білдірді. Ол сөзінде: «Трамп үкіметі Азия-Тынық мұхит өңірінде экономикалық дамудағы қуатты әлеуеттің сақталып отырғанын толықтай түсінеді. АҚШ Азия-Тынық мұхит өңіріндегі жобасын арттыруды жалғастырады. Алайда, Обама тұсындағы «Азия-Тынық мұхитқа оралу», «Азия-Тынық мұхитты қайта қалыптастыру»  стратегиялары өткен шаққа айналды», – деді.

Донг Элланың бұл желдіртпе мәлімдемелері АҚШ мемлекеттік хатшысының Шығыс Азияға сапарымен бір уақытта жарияланып отыр. Ол бұл стратегиялық саясаттардың бәрі, АҚШ-тың осыдан бұрынғы бір ұрпақ билігінің тұжырымдамалары ғана, ал қазіргі үкімет өз саясатын жүргізеді. АҚШ-тың Азия-Тынық мұхит өңіріне деген саясаты өзгеруі мүмкін екенін білдірді.

“The Qazaq Times”