НАСА ғалымдары 60 жылдан кейін жердің бірнеше аймақтарын топан су басуы мүмкін деп болжам жасады. Лондон, Амстердам, Токио және Американың бірнеше қалаларында еріген мұздықтардың салдарынан су астында қалу қаупі бар.
Болжам бойынша, мұздықтардың еруі қазіргідей қарқынмен жүретін болса, 2075 жылы теңіз деңгейі 2 метрге көтерілуі мүмкін.
НАСА ғалымдары бұл болжамды бірнеше жылдық климаттың өзгерісін, Жердің, ғаламшарлардың қозғалуы, мұздықтардың еруі, әлемдік теңіз деңгейінің көтерілуі секілді бірнеше факторларды негізге ала отырып жасап отыр. Бұл зерттеу нәтижелері НАСА зертханасындағы суперкомпьютерге салынып анықталған болатын .
Климаттың өзгеруі және экологияның бұзылу салдарынан мұздықтардың еруі соңғы уақытта байқалып отыр. Суперкомпьютердің математикалық есебіне сәйкес, егер бұл жағыдай осылай жалғаса беретін болса, 1000 жылдан кейін жер бетін толықтай су басуы да ғажап емес.
"The Qazaq Times"


















Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты