Еуропалық мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері Түркия Президенті Ердоғанның өз партиясының алдағы сайлауға қатысты Германиядағы жиындарына рұқсат бермеуіне байланысты қарсы сөйлеген сөздеріне өкініш білдірді.
Рейтерс агенттігінің Брюссельден хабарлауынша Еуроодаққа мүше бірнеше мемлекеттің Сыртқы істер министрлері дүйсенбі күні Түркия Президенті Реджеп Тайып Эрдоғанның өз партиясының алдағы сайлауға қатысты Германиядағы жиындарына рұқсат бермеуіне байланысты Германияға қарсы сөйлеген сөздеріне өкініш білдіріп, бұл мәселеге қатысты екі жақты ұстамдылыққа шақырды.
Неміс билігі сол аумақта тұратын түрік азаматтарына Ердоғанның сайлау алды әрекеттеріне байланысты кең көлемдегі жиналуына рұқсат етпеген еді.
Жақыннан бері Еуроодақтан гөрі Ресейді жақын тартып келе жетқан Түрік президенті бұл іске қатысты өз ойын қатаң жеткізді.
Германияның Ердоғанның сайламына қатыса алатын 1,5 мил түрік азаматының жиналуына рұқсат бермеді. Бұған Ердоғанның тым ресейшіл болып кеткені себеп болуы керек. Ал осы іске қатысты Түрік басшысы Германияны байланысты «фашистік әрекет» жасады деп айыптады.
Еуроодақтың отырысына қатысу үшін Брюсельге келген Бельгия Сыртқы істер министрі Түркия Президентінің сөздерін бос сөз деп атап, айыптады. Финляндия да Түркияның бұл мәселені мүмкіндігінше жылдам шешуіне мүдделік танытты.
“The Qazaq Times”
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы