Халықаралық атом энергиясы агенттігінің (МАГАТЭ) бас директоры Юкия Амано 72 жасында өмірден озды.
Аталған агенттік таратқан ресми хабарламада: «МАГАТЭ хатшылығы бас директор Юкия Аманоның өмірден озғанын қайғыра отырып хабарлайды», – делінген. Осыған байланысты МАГАТЭ-нің Венадағы штаб-пәтерінің үстіне тігілген ту түсіріледі.
Жапон дипломаты Юкия Амано МАГАТЭ-ні 2009 жылдың желтоқсанынан бері басқарып келді. Ол үш мәрте төрт жылдық мерзімге сайланған болатын. Ұйымды Амано басқарған тұста Иран атом бағдарламасы туралы жан-жақты келісім бойынша мәмілелер жасалған.
Өткен аптада денсаулығы сыр бере бастауына байланысты, Юкия Амано мерзімінен бұрын лауазымын тапсыруы мүмкін деген хабар тараған.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі