Саппороның аймақтық соты 1997 жылы заңсыз қару ұстады деген айыппен сотталған Ресей азаматы Андрей Новоселовты жазықсыз деп тапты. Бұл жайлы Ресейдің Саппородағы Бас елшілігінің үшінші хатшысы Сергей Коняев мәлімдеді деп хабарлайды РИА Новости агенттігі.
1998 жылы Новоселов екі жылға сотталып, Жапонияда жазасын өтеп, Ресейге қайта оралған болатын. Қорғаушылар бір шикілік барын анықтаған соң, 2013 жылы істің қайта қаралуын талап етіп, арыз берген. Қорғаушылардың пайымдауынша, жапон полициясы әділетсіз жала жабуы мүмкін делінген.
Сергей Коняев : "Сіздердің назарларыңызға Саппоро аймақтық сотының азамат Новоселовты жазықсыз деп тапқан шешімін ұсынамыз. Бұл істің 20 жыл бұрын болғанына қарамастан, Ресей азаматының адал арын ақтап шығуды ниет еттік" - деп, мәлімдеме жасады.
«The Qazaq Times»


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер