Википедия онлайн энциклопедиясының негізін қалаушы Ларри Сангер әлеуметтік желідегі жеке деректерді бақылауды қалпына келтіру мақсатында осы аптаның соңына қарай 48 сағатқа дейін әлеуметтік желілерді пайдалануды тоқтатуға шақырды.

Оның айтуынша,  4-і мен 5 шілде аралығында қолданушылар әлеуметтік желіден бас тартуы - маңызды талаптары бар екендігін көрсетуге мүмкіндік береді.

"Біз әлеуметтік желілерді пайдаланбау арқылы манипуляциялық корпорациялардан жеке деректерімізді, деректердің құпиялылығын бақылауды қайтаруды талап ете аламыз", - деді ол.

Сондай-ақ, әлеуметтік желі қолданушылар санының азаюы - қазіргі жағдайға көпшіліктің көңілі толмайтынына дәлел бола алатынын атап өтті.

Бұл туралы әр түрлі Reddit, Twitter, Facebook сынды әлеуметтік желілерде таралып кеткен.

"The Qazaq Times"