Ирак үкімет армиясының генералдары және Мосул қаласының тұрғындарының растауынша, Ирак үкімет армиясы Мосулда бекініп жатқан «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының ең соңғы байланыс-тасымал жолын кесіп тастаған. Қазір Мосул қаласы толықтай қоршауға алынды. Қаланы азат ету уақытына кері санау қойылды. Алайда лаңкестік ұйым күшті қарсылық көрсетуде. Ұрыс аса қызу жүрілуде.
Шайқасқа Ирак армиясының 9-ші дивизионына қарасты әскери бөлім жұмылдырылған. 1 наурыз күні Телль-Афар жолы арқылы қаланы толық бақылауға алған. Телль-Афар Мосулдағы «Ислам мемлекеті» ұйымының маңызды бекіністеріне кіреді. Сол арқылы лаңкестік ұйым материалдық, кадрлық толықтыру тасымалын жүргізіп келген. Телль-Афар Мосул мен Сүрияның Лакка қаласын тұтастыратын маңызды қатынас дәлізі.
Ирак үкімет армиясы мен «Ислам мемлекеті» ұйымы арасындағы Мосул шайқасы сұрапыл жүруде. Үкімет армиясы қаланың шығысын басып алғаннан кейін, Тигр өзенінен өтіп, тұрғындар біршама көбірек қоныстанған қаланың батыс бөлегіне өтті. 28 ақпан күні Ирак ақпарат құралдарының таратқан хабарында, үкімет армиясының лаңкестікке қарсы арнаулы қосыны қазірдің өзінде бұрынғы қалалық үкіметтің ғимаратының іргесіне келіп тұр. Алайда, шығын да ауыр болған, жалғасты алға ілгерілеу қиынға соғуда.
Естеріңізге сала кетейік, Мосул болса Ирактың солтүстік-батысындағы Ниневи провинциясының орталығы. Ирактағы екінші ірі қаласы. 2014 жылы маусым айынан бастап «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымының бекінісіне айналған. Өткен жылдың қазан айынан бастап, Ирак үкімет армиясы Мосулды азат ету соғысын бастаған болатын.
“The Qazaq Times”


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер