Азаматтық белсенді Рита Карасартова Бішкекте парламент ғимараты алдына сыбайлас жемқорлыққа қарсы наразылыққа шықты.
Ол қырғыз президенті Сооронбай Жээнбековке үндеу жіберетінін мәлімдеді. Онда ол Коррупцияға қарсы қызметті Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттен алып тастау туралы талап қоймақ, себебі, оның айтуынша, жабық орган жемқорлықпен тиісті деңгейде күресе алмайды.
Сонымен қатар, Рита Карасартова Ақ үйге тергеу комитетін құру үшін қол жинауға келгендігін айтады.
"Біз, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық істері бойынша сот істеріндегі ашықтықты сұраймыз. Залда камералар қойылған дейді, алайда бізге ол видеоларды көруге рұқсат жоқ", - деді ол.
Айта кетейік, ол осыдан бірер күн бұрын Facebook әлеуметтік желісінде халықты елдегі жемқорлықпен күресуге шақырған еді. Ол: Біз қазір нақты мақсаты бар реформаларды талап етпесек, ештеңе өзгермейді. Сіздің елдегі жемқорлықпен күресу жұмыстарына көңіліңіз тола ма? Сіздің ұлттық қауіпсіздік комитетінің жұмысына көңіліңіз тола ма? Бюджеттің миллиондаған қаржысы көлеңкелі жолмен басқа жаққа кетіп жатқанымен және барлық күрес саяси репрессияға айналып жатқанымен келісесіз бе?", деп жазды ол Facebook парақшасында.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді