АҚШ пен Тайуанның (Тайвань) қауіпсіздік жөніндегі жоғары лауазымды тұлғалары 40 жылдан кейін алғаш рет кездесу өткізді. Әрі, бұл кездесуде тараптардың арасындағы ынтымақтастықты тереңдету мәселелері талқыланған. Бұндай мәліметті Тайуан Сыртқы істер министрлігі бір күн бұрын мәлімдеді.
Тайуан Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне қарғанда, Ұлттық қауіпсіздік кеңестінің бас хатшысы Ли Давей мен Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Жон Болтон кездескен. Олар АҚШ-Тайуан арасындағы ынтымақтастықты тереңдету, Тайуанның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге АҚШ-тың қолдау көрсетуі тақырыптарын кеңескен. Кездесу, Ли Давейдің 13-21 мамыр күндері аралығындағы АҚШ сапары кезінде өткен. Одан бері екі ел лауазымдысының кездесуі туралы ресми мәлімет таратылмаған.
Ақ үй лауазымды тұлғасының Тайуан үкіметінің өкілдерімен кездесуі Трамп үкіметінің Тайуанды қолдап отырғандығын көрсетеді. Бейжің билігі Тайуанды КХР-ның провинциясы ретінде танитындықтан, өзге елдермен дипломатиялық байланыс орнатуына қарсы тұрады. Әрі, аралға саяси және әскери қысымды жылдан жылға күшейтіп келеді. Ал, АҚШ пен Қытай арасында сауда теңсіздігіне байланысты келіспеушілік пен Оңтүстік Қытай теңізіне байланысты қайшылықтар бар. Сондықтан, Бейжің билігі үшін АҚШ пен Тайуанның терең ынтымақтастық орнатуы өзінің ырықсыз орында қалуымен бірдей.
Мамыр айының басында АҚШ-та Тайуан қорғанысын қамтамасыз етуге қолдау көрсету және қарым-қатынасты нығайту туралы заң қабылданды. 2010 жылдан бері Пентагон мен Тайуан арасында 15 млрд АҚШ доллары көлемінде қару-жарақ өткерілді.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес