Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және сақтау комитеті жүргізген клиникалық практикаға қабылдау тексерісі кезінде мыңға жуық медицина мамандары сынақтан сүрінген.
Денсаулық сақтау министрлігі және облыстық денсаулық сақтау басқармалары бірлескен тексеру барысында 616 медициналық мекеме талапқа сай болмай шықты. Олардың 544-і мемлекеттік меншікке тиесілі. Жалпы қорытындыға сәйкес Шымкент, Түркістан, Қарағанды, Павлодар, Жамбыл, Алматы, Атырау облыстарында 484 медицина қызметкері мамандардың сертификаттарының болмауына байланысты жұмыстан шығарылды. Жұмыстан қуылғандардан басқа, медициналық қызметкерлерді айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке - 5 АЕК, ал лауазымды тұлғаларға - 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Қазақстан бойынша тексеріс аяқталғаннан кейін, құқық бұзушылықтар анықталған аймақтардың медициналық ұйым басшыларына жазалау шаралары қолданылмақ.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі