Табиғат біз білмейтін тылсым сырлар мен мен құпияларға толы. Оның сырын секунд сайын дамып келе жатқан ғылым да, техналогиялар да әлі аша алар емес. Жаратылыстың сирек кездесетін, ешбір ғылыми теорияға сыймайтын, еш қайталанбайтын болмысы мен құпияларына шолу жасасақ. 

ЖҰЛДЫЗДЫ ТЕҢІЗ, ВААДХУ АРАЛЫ.

Жердегі жұмаққа айналған Мальдив аралдары аймағындағы Ваадхудың жағалауы көптеген микроорганизмдердің әсерінен түнде осындай жұлдызды аспанның бір бөлшегіне айналады.

Фото:afigenchik.ru

Фото: afigenchik.ru

ЖАҒАЛАУДАҒЫ КАПУЧИНО

Бұл құбылыс соңғы рет 2013 жылдың мамыр айында Онтүстік Уэльсте орын алған. Теңізден шыққан капучиноға ұқсас көбік жағалауды, ғимараттарды басып қалған болатын.

Фото:afigenchik.ru

Фото: afigenchik.ru

ЛАПЛАНДИЯДАҒЫ ТАБИҒИ МҮСІНДЕР

Никколо Бонфадини мұз қалдықтары мен қардан қатып қалған мүсіндер бейнеленген бұл суреттері үшін  NASA премисын жеңіп алған болатын.

Фото: afigenchik.ru

Фото: afigenchik.ru

ЖАҢА ЗЕЛАНДИЯДАҒЫ ЖАРҚЫРАҒАН ҮҢГІР

Химиялық элементтердің қосындысынан туындайтын үңгірдегі тау жыныстарының жарқылы фантастикалық фильмдердегі көріністерді еске түсіреді.

Фото: afigenchik.ru

Фото: afigenchik.ru

АСПЕРАТУС БҰЛТТАРЫ

Фото: afigenchik.ru

Фото: afigenchik.ru

Фото: afigenchik.ru

КАВА ИДЖЕН - КӨК ЛАВАЛЫ ӘЛЕМДЕГІ ЖАЛҒЫЗ ЖАНАРТАУ

Табиғаттың бұл тылсым құбылысы күкірттің қосындысынан пайда болады екен. Жергілікті тұрғындар күкіртті өндіріске де пайдаланып жатады.

Фото:afigenchik.ru

Фото:afigenchik.ru

ТАНЕЗИЯДАҒЫ ҚЫЗЫЛ КӨЛ

Судың құрамында түсін өзгертетін тұздар бар. Сонымен қоса тірі организдер өмір сұрмейтін өлі көл. Суға түскен тірі ағза бірден тұз қабыршақтарынан мүсінге айналады. Ақпан, наурыз айларында судың температурасы 50 градус Цельсиден асып түседі.

Фото:afigenchik.ru

Фото:afigenchik.ru

ҚАН ЖАУҒАН КҮН

Тіпті атеистердің өзі де бұл құбылысты көргенде Құдайға сеніп кететіні рас. Алғаш бұл жауын 2001 жылы Үндістанның Керала қаласында жауған. Қып-қызыл бояуға боялған жаңбыр тамшылары нөсерлеткенде, тұрғындар ақыр заманның келіп жеткенін сезгендей болды. Бірақ  ертесі күн шығып, қызыл жауыннан ештеме қалмаған.

Ал 2012 жылы бұл құбылыс Испанияның Замора қаласында қайталанды.

Бұл жауын ғылымда - "Құдайдың қаһары" деп аталады екен.

Оның туындауына Haematococcus pluvialis - "қанды жауын балдыры" деген балдырлар себепші.

Фото: afigenchik.ru

Әлемде тағы біз біле бермейтін, сырын аша алмаған миллиондаған құпия мен құбылыстар бар. Қолдан жасауға, қайталауға келмейтін табиғаттың тылсымын толық білу адамзаттың маңдайына жазылмаған да шығар.

«The Qazaq Times»