Жапония әлемдегі ең жылдам жолаушылар пойызын сынақтан өткізбек.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, ALFA-X жолаушылар пойызы сағатына 400 километр жылдамдықпен жүреді. Мәліметтер бойынша, 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындары қарсаңында енгізілетін жоғары жылдамдықты пойыздар аптасына екі рет, түнгі мезгілде жүреді
Жапонияның кезекті әлемдік жаңалығы алдағы уақытта 280 километр болатын Сендай мен Аомори қалаларының аралығында сынақтан өткізілмек. Сынақ уақытында пойыздар қандай жылдамдықта болатынына қарамастан, Жапония теміржол жүйесі әлем бойынша көш бастап тұр.
2015 жылы Жапонияда шығарылған пойыз арнайы сынақ кезінде Фудзи тауына жақын орналасқан Яманаси префектурасындағы жолда жылдамдықты сағатына 603 км-ге дейін жеткізіп әлемдік рекорд орнатқан болатын. Сол кезде пойыз Токио мен Нагоя қалаларына қатынап, 208 шақырымдық жерге бар-жоғы 40 минутта жету мүмкіндігіне ие болды.
















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?