"Ұлт тағдыры" ұйымы атынан президенттікке ұсынылған саясаткер Әміржан Қосанов Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды.
"Бүгін астанаға келіп, Орталық сайлау комиссиясына құжаттарымды тапсырдым. Екі күн бойына тексеріледі. Қазақ тілінен сынақты дүйсенбі күні сағат 11-де тапсырамын", деп жазды Facebook парақшасына.
Сондай-ақ, саясаткер тіл сынағын тікелей эфирде өткізуді қалайтынын да атап өткен.
Айта кетейік, кеше Алматы қаласында " Жаңа Қазақстан" форумы баспасөз мәслихатын өткізді. Жиын барысында "Ұлт тағдыры" ұйымының төрағасы Дос Көшім қозғалыс атынан алда келе жатқан президент сайлауына Әміржан Қосановты ұстанатынын мәлімдеді.
Қазақстанда мерзімінен бұрын президент сайлауы 9 маусым күні өтеді.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы