Франция президенті Эммануэль Макрон Париждегі Құдай ана соборын қайта қалпына келтіруге сөз берді.
"Нотр-Дам - біздің тарихымыз, әдебиетіміз, жанымыздың бір бөлшегі. Ғимаратта орын алған өрттің халқымыздың қабырғасын қайыстырғанын сезіп тұрмын. Алайда, мен үміт туралы айтқым келеді. Біз бұл ғимаратты 800 жыл бұрын тұрғыздық. Ғасырлар бойына оны үлкейтіп, жөндеуден өткіздік. Бүгінгі оқиғадан кейін де, мен де сіздерге сенімді түрде айта алам, біз бұны бәріміз бірге қайта қалпына келтіреміз" - деді Макрон.
Әзірге өрттің неден шыққаны белгісіз. Алайда, лауазымды тұлғалардың айтуынша, жөндеу жұмыстары кезінде шыққан болуы мүмкін.
Сондай-ақ, халықаралық ұйымдар мен мемлекет басшылары да өртке байланысты француз халқына көңіл айтып, қолдау көрсетіп жатыр. Өз кезегінде, Юнеско жыл сайын шамамен 13 миллион турист келетін соборды қайта қалпына келтіруге көмектесетінін хабарлады. Германия канцлері Ангела Меркел Нотр-Дамды тек Францияның ғана емес, "Франция мен Еуропа мәдениетінің символы" деп баға берді. Ал, Трамп өзінің Твиттер парақшасында "Орын алған өртті көрудің өзі қорқынышты. Өртті сөндіру үшін "ұшатын су танкерлерін" пайдаланса дұрыс болар еді" деп жазды.
Сондай-ақ, Франция миллиардері, Kering компаниясының басшысы Франсуа-Анри Пино Нотр-Дам-ды қалпына келтіруге 100 миллион еуро аударуға уәде берді. Ал, Франция президенті Эммануэль Макрон соборды қалпына келтіру үшін халықаралық фандрайзинг ашу қажеттігін айтты.
Айта кетейік, кеше, яғни, дүйсенбі күні кеште Париждегі Құдай ана соборы өртеніп, салдарынан ғимараттың шатыры құлады. Ресми мәліметтерге сүйенсек, ішкі фасадына да зиян келген. Алайда, төтенше жағдайлар комитеті қызметкерлері құнды жәдігерлер мен діни бағалы заттарды собордан алып шығып үлгерген. Қазір қауіпсіз жерде.
Францияның символына айналған Нотр-Дам соборы осыдан 850 жыл бұрын XIII ғасырда тұрғызылған. Бүгін де соборды әлемнің түкпір-түкпірінен жылына шамамен 13 миллионға жуық турист тамашалуға келеді. Бұл көрсеткіш атақты Эйфель мұнарасына келушілердің санынан да көп.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі