Украинаның Британиядағы елшісі шабуылға ұшырады. Ағылшын полицейлері күдіктіге оқ атып Украина елшісін қорғап қалған. Бұл туралы британдық және француз ақпарат құралдары хабарлады.
Лондон полициясының мәліметіне, Украинаның сол елдегі төтенше және өкілетті елшісі Наталья Галибаренко отырған қызмет көлігіне мақсатты түрде шабуыл жасалған. Күдікті полицияның ескертуіне қарамастан жеке көлігімен Украина елшісінің қызмет көлігін соққан. Ағылшын полициясы елшіні қорғау мақсатында күдіктіге оқ жаудырған.
Оқиғадан кейін Лондон қауіпсіздік қызметі мәлімдеме жасап, күдіктінің қолға алынғанын, тергеу амалдарының жүріп жатқанын айтқан. Қазірге полиция тарабынан күдіктінің мақсатты түрде шабуыл жасамақ болғаны тұрақтандырылған.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы