Алматыдағы Тайландтан келген туристерден денге безгегі анықталды.
Мәліметтер бойынша, Алматыда жыл басынан бері төрт адам аталған безгекті жұқтырған. Бұл былтырғы көрсеткіштен екі есе көп. Денге безгегі жылы климат аймақтарында, әсіресе Азияның Оңтүстігінде, Океания, Африка, Америка, Кариб бассейні елдерінде кеңінен таралған. Мамандар бұл ауруды жұқтырмас үшін масалардың шағуынан қорғайтын арнайы крем жағып жүруге кеңес береді.
Айта кетейік, геморрагиялық безгектер (оның ішінде денге безгегі) – өткір вирустық инфекциялық ауру. Оның белгілеріне буындардың ауыруы, қалтырау, денедегі бөртпелер, лимфобездердің шошынуы, тромбогеморрагиялық асқыну жатады. Қоздырғыштарды науқас адамдар, маймылдар, жарқанаттар, масалардан таратады.
















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?