19 наурыз 2019 жылы тікелей эфир арқылы жолдау жасаған ҚР президенті Н. Назарбаев өз өкілеттілігін тоқтататыны туралы шешімін жария етті.
Халыққа жолдауында: "Мен ҚР президенті ретінде өз өкілеттілігімді тоқтатамын деп шештім, әрине бұл оңай шешім емес. Биыл ең жоғары лауазымдағы қызметімді атқарып келе жатқаныма 30 жыл толады", – деді президент Н. Назарбаев.
Н. Назарбаев сөзінде Қазақстан Республикасының президенті міндетін атқарған уақыттағы қадау-қадау тарихи белестер туралы тоқтала келіп, ең жоғары лауазымды қызметтегі кезінде халқының өзіне сенім артқанына алғысын білдірді.
Сондай-ақ, Тұңғыш президент өз мәлімдемесінде ҚР президентті міндетін Қасымжомарт Тоқаев атқаратынын айтты және жарлыққа қол қойды.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ұлттық құрылтай. Атауы қазақша болғанымен мазмұны президенттік бақылауда болмай ма?